ВВЕДИТЕ ВАШИ ДАННЫЕ
Ваше имя
Электронная почта
Номер телефона
Нажимая на кнопку, вы даете согласие на обработку персональных данных и соглашаетесь c политикой конфиденциальности
ВВЕДИТЕ ВАШИ ДАННЫЕ
Ваше имя
Электронная почта
Номер телефона
Нажимая на кнопку, вы даете согласие на обработку персональных данных и соглашаетесь c политикой конфиденциальности
Введите ваш номер телефона и мы вам перезвоним
Ваш телефон
Нажимая на кнопку, вы даете согласие на обработку персональных данных и соглашаетесь c политикой конфиденциальности

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Видео нұсқаулық

ФДО "Қазақтелеком" сайтына тіркелу
ФДО "Транстелеком" сайтына тіркелу
Light Kassa-да жұмыс істеу ңұсқалығы
№1 қағам. ФДО "Қазақтелеком" сайтына заңды тұлғаны тіркеу
№2 қадам. ФДО "Қазақтелеком" сауда нүктесі мен кассаны тіркеу
№3 қадам. «Лайт Касса» жеке кабинетіндегі кассаны активтендіру
№1 қадам. ФДО "ТрансТелеКом" сайтына заңды тұлғаны тіркеу
№2 қадам. ФДО "ТрансТелеКом" сауда нүктесі мен кассаны тіркеу
№3 қадам. «Лайт Касса» жеке кабинетіндегі кассаны активтендіру
Light Kassa-да сіздің шотыңыздағы жазылымды компьютер арқылы қалай төлеуге болады
Жаңа кассирді қалай қосуға болады
Light Kassa-да номенклатураға қалай тауарды қосуға болады
Light Kassa-да номенклатураға қалай тауарды қосуға болады
Light Kassa-да компьютерде қалай жұмыс істеу керек
Light Kassa мобильді қосымшада тіркеу процесі
Жазылымды Light Kassa мобильді қосымша арқылы шотыңызға төлеу
Light Kassa мобильді қосымшада жұмыс істеу бойынша нұсқаулық
Смартфон арқылы каталогты және штрих-код сканерін қалай қолдану керек
Жазылымды Light Kassa мобильді қосымша арқылы шотыңызға төлеу
Салмақ / көлем бойынша тауарды қалай сатуға болады
Light Kassa-да құпия сөзді қалай өзгерту керек

Жауаптар

Light Kassa функционалы
Кассамен жұмыс істеу
Әкімшіліктендіру
Қалқымалы қателер мен хабарламалар
Басқадай техникалық мәселелер
Light Kassa қосылу процесі қалай іске асады?
Light Kassa қосылу процесі 3 қадаммен іске асады:
1. Лайт Кассы жүйесіне ЖШС немесе ЖК тіркеу (Лайт Касса сайтында немесе мобильді қолданбасы арқылы);
2. ФДО жүйесіне ЖШС немесе ЖК тіркеу, сауда нүктесін жасау және кассаны қосу;
3. ФДО-ға тіркелгеннен кейін, Лайт Касса активтендіріледі.

Сілтеме бойынша өтіп, қосу бейненұсқаулығын қарай аласыз.
Біз сондай-ақ, онлайн кассасын тіркеуге көмектесе аламыз, ол үшін сайтта өтінім қалдырыңыз немесе Call-центр қоңырау шалыңыз, біз Сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Light Kassa қалай жұмыс істейді?
Light Kassa – функционалдық мүмкіндіктері мол және қарапайым, ыңғайлы интерфейсі бар, салық заңнамасының кез келген өзгерісіне қарай автоматты түрде жаңаратын касса аппараты. Бағдарламалық шешімі ДК, планшет немесе ұялы телефонды касса апараты ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Касса аппаратын осындай түрде пайдалану заңды ма?
Иә, заманауи технологиялар касса аппаратын компьютеріңізге немесе смартфоныңызға орнауға мүмкіндік береді. «Лайт Касса» компаниясы Қаржы министрлігі және Қазақтелеком АҚ (ФДО) барлық қажетті келісу және сертификаттау рәсімінен өтті, «Лайт Касса» заманауи онлайн кассасы 219 нөмірмен ҚМ МКК мемлекеттік тіркеуіне енгізілді.
Light Kassa автономды режимде жұмыс істей ала ма?
Қазақтелеком АҚ фискалдық деректер операторы тарапында іркілістер болған жағдайда, Light Kassa автономды режимді 72 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Сонымен бірге, барлық чектер жадында сақталады, мәселе жойылған кезде, барлық деректер ФДО автоматты түрде жөнелтіледі.
Барлық кассалардың жұмысын қашықтан бақылауға бола ма?
Light Kassa сіздің қызметіңізді қашықтан бақылай алады. Сатуларды қадағалап, барлық есептерді копьютер немесе телефон арқылы жеке кабинеттен жүйтеп ала аласыз. Ол үшін тек интернетке қосылу керек.
Light Kassa пайдаланғаны үшін ақы төлеу қалай іске асырылады?
Төлем комиссиясыз онлайн, кез келген банк картасымен іске асырылады. Егер заңды тұлға арқылы төлесеңіз, онда төлемақы шоты автоматты түрде бірнеше секундта қалыптасады.

Сондай-ақ, Light Kassa командасы өз клиенттеріне үш кезеңді пайдалану мерзімінен өткені туралы еске салады. Ал, біз, жұмысыңыздың тоқтап қалмауына қамқорлық жасаймыз.

1) жазылу аяқталғанға дейінгі 7 күн ішінде поштаңызға хабарлама келеді;
2) жазылу аяқталғанға дейінгі 3 күн ішінде телефон нөміріңізге SMS-хабарламасы келеді;
3) егер осы бірнеше күн ішінде, төлем жүргізілмесе, біз Сізге хабарласамыз.
Егер ұйымда бірнеше кассир жұмыс істесе, оларды жеке-жеке бақылауға бола ма?
Light Kassa қызметкерлердің шектеусіз санын құруға болады және әрқайсысы бойынша есептілікті көруге болады. Сондай-ақ, Сіз касса функционалының қолжетімділігін әкімішілік пен кассирге бөле аласыз.
Телефон арқылы тауарлардың штрих-кодын сканерлеуге бола ма?
Иә, Light Kassa командасы қызметіңізді жүргізу үшін ең қолайлы және жылдам тәсілдерді әзірлейді. Сіз штрих-кодты смартфонмен жай камера, арқылы сканерлей аласыз.
ФДО ай сайын 1500 теңге төлеу қажет пе?
Иә, қазіргі кезде ФДО онлайн кассалардың барлық пайдаланушылары төлейді.
«Тауарды сату/сатып алу операциясын қалай жасайды?
Сол жақтағы навигациялық мәзірде:
1. "Сату"/"Сатып алу" батырмасына басыңыз, бұдан әрі PIN-кодты теріңіз (егер өзіңіз өзгертпеген болсаңыз, онда 1111);
2. Пайда болған жұмыс үстелінің ортасына тауар атауын, бағасын, санын енгізіңіз;
3. "Қосу" батырмасына басыңыз;
4. Клиент төлеген соманы енгіземіз;
5. Чек шығаруды басамыз.
Ауысымды қалай ашады/жабады?
Ауысымды ашу үшін бірінші операцияны жүргізу керек (ауысым бірінші чекті басып шығарған сәттен бастап ашылады).
Ауысымды жабу үшін – навигациялық мәзірдің сол жағындағы «Ауысымды жабу» батырмасына басыңыз. Пайда болған есепті басып шығаруға болады.
«Қайтару» операциясын қалай іске асырады?
Ол үшін:

1) Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Қайтару» батырмасына басыңыз, және PIN-кодты теріңіз (1111 – егер өзіңіз өзгертпеген болсаңыз);
2) Пайда болған жұмыс үстелінің ортасына тауар атауын, бағасын енгізіңіз;
3) Бұдан әрі "Қосу" батырмасына басыңыз;
4) Клиентке қайтару сомасын енгізіңіз;
5) Қайтару төлемінің типін таңдаңыз: қолма-қол төлеу немесе банк картасы;
6) Керек секциясын таңдаңыз (сатуды қайтару/сатып алғанды қайтару);
7) Чек шығаруды басамыз.
Қолма-қол ақшаны қалай төлейміз?
1) Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Қолма-қол ақша енгізу» батырмасына басыңыз;
2) Кассаға төлеу үшін соманы теріңіз;
3) "Сақтау" батырмасына басыңыз.
Қолма-қол ақшаны қалай алады?
1) Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Қолма-қол ақша алу» батырмасына басыңыз;
2) Кассадан алу үшін соманы теріңіз;
3) "Сақтау" батырмасына басыңыз.
Чектердің тарихын қалай көруге болады?
1) Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Ауыспалы есептер» батырмасына басыңыз;
2) "Чектер тарихы" қосымшасын таңдаңыз;
3) Бұдан әрі күнтізбеден белгілі бір күнді таңдау арқылы, кез келген чекті тауып аласыз.
Тарихтан Z-есептерін қалай көруге болады?
1) Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Ауыспалы есептер» қосымшасын басыңыз;
2) Пайда болған жұмыс үстелінен «Ауыспалы есептер» қосымшасын таңдаңыз;
3) Бұдан әрі күнтізбеден белгілі бір күнді таңдау арқылы, кез келген ауысымды тауып аласыз.
Кезеңге арналған есепті қалай рәсімдеуге болады?
1. Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Ауыспалы есептер» қосымшасын басыңыз;
2. Пайда болған жұмыс үстелінен «Кезеңге арналған есептер» қосымшасын таңдайсыз;
3. Бұдан әрі есеп кезеңі мен оның типін таңдай аласыз (жиынтық есеп немесе чектер ойынша есеп). Түсіріп алу Excel пішімінде жүргізіледі.
WhatsApp бойынша чек қалай жіберіледі?
1. Сату/Сатып алу жасаған кезде, «чек басып шығару» батырмасына басқанға дейін, жолға 77XX XXX XX XX (("+" таңбасы мен кетіктері жоқ) пішімінде Whatsapp арқылы жөнелтетін «телефон» нөмірін енгізіңіз.
2. Бұдан әрі «Чекті басып шығару» батырмасына басасыз, пайда болған чектің соңында «WhatsApp арқылы чек жөнелту» - батырмасы қол жетімді болады, басамыз және жөнелтуге арналған сілтемеге өтеміз.
Чекті электрондық пошта (e-mail) арқылы қалай жөнелтеді?
Сату/Сатып алу жасаған кезде, «чек басып шығару» батырмасына басқанға дейін, жолға чек жөнелтілетін «Е-mail» электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. «Чек басып шығару» батырмасына басқаннан кейін, электрондық чек көрсетілген мекенжайға жөнелтіледі.
Соңғы операциядан қалай бас тарады?
Бұл функция соңғы операциядан бас тартуға мүмкінді береді, бұл ретте деректер ФДО көрсетілмейтін болады (ФДО операция өзгертілді деген жол ғана болады).
Бұл функция, мысалы, егер чек қате сомамен шығарылғанда немесе чек кездейсоқ шығарылғанда пайдаланылады.
Салмағы/көлемі бойынша тауар құнын қалай есептеуге болады?
«Сатулар» бөліміндегі «Саны» жолына міндетті түрде нүкте арқылы (1.5; 2.5; 3.5 және т.б.) керекті мәнді енгізіңіз. Бағдарлама автоматты түрде тауар құнын есептейді.
Бұл функция web-версияда қолжетімді.
Өлшемдік тауарды сату жөніндегі бейне нұсқаулық
«Сату» және «Ауысымды жабу» режиміне кіретін PIN-код қандай?
«1111» стандартты PIN-коды, қажет болғанда, Сіз оны касса теңшеуінде ауыстыра аласыз (кассаны активтендіру кезінде орнатылады).
Қолма-қол ақшаны «Енгізу» және «Алу» функциясы не үшін керек?
Ақшалай қаражат салу кассаға қаражат салу үшін қызмет етеді (мысалы, ауысым алдында немесе қызметтік қажеттілік болғанда кассаға ұсақтау салу).
Ақшалай қаражатты алу кассадан қаражат алу үшін қызмет етеді (мысалы, кассада көп қол-қол ақша жиналып қалғанда).
Z және X есептері арасындағы айырма қандай?
X-есебі (өтеусіз) – өтеусіз есеп, бұл есеп кассирдің жұмысын бақылауға және есепті алған сәттен ауысым ішінде қанша операция жүргізіліп және қандай сома алынғанын көрсетуге арналған;

Z-есебі (өтеумен) – ауысымды жабу кезінде жасалатын бас есеп. Бұл есеп ауысым қорытындысын шығарады және жаңа ауысым басталғанға дейін сома мен операцияларды нөлге айналдырады. Салық кодексінің 650 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес ауысым кезеңі 24 сағаттан аспауы тиіс.
Жоғалған чекті қалай шығарады?
1. Сол жақтағы навигациялық мәзірдің «Ауыспалы есептер» қосымшасын басыңыз;
2. Бұдан әрі тізімнен «Чекті басып шығару» қосымшасын таңдаңыз;
3. Чек кестесінің кез келген, мысалы күні, сомасы және т.б. параметрі бойынша чекті іздестірңіз;
4. Қажетті чекті таңдаңыз;
5. «Чекті қарау» позияциясын таңдаңыз;
6. Чектің астында орналасқан «Басып шығару» позициясын таңдаңыз.

Ескерту: «Телнұсқа» белгісі бар чек.
Light Kassa жазылуды қалай төлейді?
1) Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Төлеу» батырмасын таңдаймыз;
2) Бұдан әрі төлеуге арналған кассалар санын таңдауға болады (қанат белгісімен), тарифты таңдау (тізімнен);
3) Кассалар мен тарифты таңдағаннан кейін төлеу тәсілін таңдау қажет:
- шоттан төлеу – банк арқылы төлеу үшін шот құру;
- картамен төлеу – банк картасын пайдаланып интернет арқылы;
- Qiwi арқылы төлеу - жүйе шот нөмірі мен терминалдағы Qiwi төлеміне арналған нұсқаулықты жасайды.

Шоттан немесе картадан төлеу бойынша бейненұсқаулық
Qiwi арқылы төлеу нұсқаулығы
Кассаны қалай активтендіреді?
1) Әкімшілік панеліне кіру;
2) Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Кассаларды басқару» батырмасын таңдаймыз;
3) «Редакциялау» («қарындаш» белгішесі) батырмасына басамыз.
4) Пайда болған терезеге енгіземіз:
- ФДО серверінен алынған ID кассалар;
- ФДО серверінен алынған кассалардың тіркеу нөмірі;
- ФДО серверінен алынған токен;
- «Сақтау» батырмасына басамыз.

Кассаны активтендіру бойынша нұсқаулық
Жаңа кассаны қалай қосамыз?
1) Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Кассаларды басқару» батырмасын таңдаймыз;
2) Тізімнен сауда нүктесін таңдаймыз;
3) «Кассаны қосу» батырмасына басамыз;
4) Пайда болған терезеден бөлімді, атауы мен саласын таңдаймыз;
5) «Қосу» батырмасына басамыз.
Кассаны (пайдаланушыны) қалай қосады/жояды?
1. Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Пайдаланушыны басқару» батырмасын таңдаймыз;
2. Кассирді қосу үшін «Пайдалануды қосу» батырмасына басамыз;
3. «Пайдаланушының рөлі» батырмасын таңдаймыз – кассир және қажетті деректерді енгіземіз:
-ТАӘ;
-телефон нөмірі (логин);
-кассирдың коды (ерікті түрде);
-кіру үшін пароль ойлап табамыз;
-тізімнен осы кассир бекітілетін кассаны таңдаймыз.
-«Қосу» батырмасына басамыз;

Деректерді редакциялау үшін тізімнен пайдаланушыны таңдап, «Қарындаш» батырмасын, жою үшін – «Айқаршық» белгішесін басу қажет.
Ұйымның, сату нүктелерінің, бөлімдердің деректерін қалай редакциялайды?
1) Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Ұйымның профилін» таңдаймыз;
2) Пайда болған терезеден «Редакциялау» батырмасына басамыз.

Сату нүктелері мен бөлімдерінің қосу/жою батырмасын редакциялау үшін қосымшадағы тиісті бөлімді таңдаймыз. Пайда болған терезеде сату нүктелерін-бөлімдерін қосуға, жоюға және редакциялауға болады.
Тауарлар номенклатурасын қалай қосады?
1) Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Тауарлар номенклатурасы» (егер бірнеше сату нүктесі болса, онда тізімнен сату нүктесін таңдаймыз) батырмасын таңдаймыз;
2) Тауар қосу үшін «Тауар қосу» батырмасын басыңыз. Қажетті жолдарды толтырып, «Сақтау» батырмасына басыңыз.

Тауарды редакциялау үшін «Редакциялау» батырмасына басыңыз («қарындаш» белгісі), жою үшін – «айқаршық» белгісі.
Басқа тіркелген кассаларға (бірнеше кассалары бар ұйымдар үшін) қалай өтеді?
Егер Сізде біреуден көп касса тіркелсе, және әкімшісі болсаңыз, онда сол жақтағы навигациялық мәзірде кассалардың түсіп қалатын тізімі қолжетімді болады. Кассалар арасынан өтіп, әкімші жасалатын операцияларды көре алады, алайда, егер ауысым басқа кассир ашса, онда әкімші операция жүргізе алмайды. Операцияны ауысымдар ашық болмағанда ғана жүргізуге болады.
«Бағдарламалау» режиміне кіретін PIN-код қандай?
Бағдарламалаудың стандартты PIN-коды «0000», қажет болған жағдайда ұйымның профилінде оны ауыстыра (ұйымды тіркеген кезде орнатылады) аласыз.
Құпиясөзді қалай ауыстырады?
Құпиясөзді ауыстыру үшін, жоғарғы оң бұрыштағы «Менің профилім» бөліміне кіру қажет. Бұдан әрі «Құпиясөзді ауыстыру» батырмасына басасыз. Әрекеттер тәртібі көрнекі түрде сипатталған осы файлды жүктей аласыз.
Кассаның төлқұжатын қалай табамыз?
1) Әкімшілік панеліне кіреміз;
2) Сол жақтағы жоғарғы мәзірден (қалқымалы мәзір) «Кассаларды басқару» батырмасын таңдаймыз;
3) Сату нүктелерін таңдаймыз
4) Кассаны таңдаймыз және «Редакциялау» («қарындаш» белгішесі) батырмасына басамыз.
5) Пайда болған терезеде касса төлқұжатын жүктей аламыз.
Операция жүргізу мүмкін емес. Жұмыстағы ауысым бір тәуліктен артық.
Ағымдағы ауысымды жабу қажет, жаңа ауысым Сату/Сатып алу операциясын жүргізгеннен кейін ашылады.
Оффлайн режиміндегі касса 72 сағаттан ұзағырақ...
Қатені түзету үшін, өтінеміз, ФДО жеке кабинетіңіздегі төлемді тексеріңіз.
Кассаға ақылы жазылу мерзімінің өтуі!
«Төлемді басқару» бөліміндегі жазылу мерзімін ұзарту қажет.
«Еxception.cashBox.expirationNull=» қателігі
Касса төленбеген дегенді білдіреді. Жазылуды «Төлемді басқару» бөлімінде рәсімдей аласыз.
Бұғаттау/серверлік бұғаттау режиміндегі касса
Light Kassa қолдау қызметіне жүгінуді өтінеміз.
Операция жүргізу үшін кассадағы қаражат жеткіліксіз!
Операция жүргізу үшін кассаға қолма-қол ақша төлеу қажет. («Кассамен жұмыс істеу» бөліміне қолма-қол ақшаны қалай төлеу керек тармағын қараңыз).
LK кассасында пайдаланушының ашық ауысымы бар!
Операциялар жүргізу үшін кассир (пайдаланушы) ауысымды жабуы (өйткені ашық ауысымда, кассаны бір мезгілде біреуден көп кассир пайдалана алмайды) тиіс.
«exception.cashBox.tokenNotFound=» қателігі
Табылған жоқ, не болмаса, ФДО токен дұрыс көрсетілмеген, өтінеміз, «Кассаны басқару» бөліміндегі касса теңшеуіндегі деректерді тексеріңіз.
«Еxception.cashBox.createdWhileOfdFailed=» қателігі
Кассаңыздың фискалданбағанын білдіреді. Өтінеміз, ФДО дербес шотындағы қолма-қол ақшалай қаражатты тексеріңіз. Сондай-ақ, ФДО жеке кабинетінен кассаңыз үшін «Сымдық» қосылу типі таңдалғанына көз жеткізіңіз.
ФДО қосылыс орнатылмады
Енгізілген деректерді тексеру қажет:
-токен, ID БКМ, тіркеу нөмірі;
-ОФД төлеу, сондай-ақ, ОФД таңдалған тариф (сымдық қосылыс).

Егер барлық деректер дұрыс енгізіліп, қателік кетпесе, Light Kassa қолдау қызметіне жүгініңіз.
ОФД төлемі бойынша нұсқаулық
Чек басып шығару мәселелері
Басып шығару мәселесі болса, өтінеміз, принтердің қосылғанын тексеріңіз?
Егер чек бүтін (чектің бөлігі) немесе А4 барлық бетіне шықпаса – баспа теңшеуін тексеріңіз (тар жолдарды, қағаз өлшемін қойыңыз, масштабты кішірейту/ұлғайту). Осы файлда компьютер арқылы баспаны теңшеу мысалын көрнекі келтірдік.
WhatsApp бойынша чек жіберілмейді?
Өтінеміз, 77XX XXX XX XX ("+" таңбасы мен кетіктері жоқ) пішімінде чек басып шығару алдында нөмір дұрыс енгізілді ме, тексеріңіз.
Клиентке шалғайдағы қолжеткізім үшін
Light Kassa компаниясы клиентке шалғайдағы қолжеткізім үшін «AnyDesk» тегін бағдарламасын пайдаланады. Осы бағдаламалық қамтым интернет-қосылыс кезінде, компьютеріңіздің жұмыс үстеліне барлық жақтан, шалғайдан қосылуға мүмкіндік береді. Бұл қиын мәселе туындаған жағдайда, оларды тез шешу үшін қолданылады.

Бағдарламаны осы жерден жүктеп алуға болады.
Чек пошта арқылы жіберілмейді
«Лайт Касса» қолданбасында чек жөнелту жеке пошта арқылы іске асады. Өтінеміз, сізде пошталық клиент (gmail/mail/yandex.kz және т.б.) орнатылған ба, тексеріңіз.
Адрес:
Республика Казахстан, г. Астана,
ул. Иманбаевой 5А, офис 401
Контакты:
+7 747 094 00 77
+7 747 966 09 26
FAQ